Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (11)

Күз көңілі

Қараша күз, қараша айы, қара жел,
Қара желмен ырғалады дала, бел.
Жапырағын шашып алған ағаштың,
Мұң мен зарын әуре ме екен санап ел?

Толық

Сен менің өлеңімнің ішіндесің,

Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.

Толық

Бұл көктемді мен саған ертіп барам.

Жасыл нұрға боялған дала мынау,
Күміс шықтан күлкі іздеп салам сұрау.
Гүл аңқыған әлемге арбалам да,
Тағы ғашық, мен осы боламын-ау!

Толық

Сырнайшы қарт

Əуен біткен сезімдерді жырлай ма?
Оны да тек жүрегі бар тыңдайды ə?!
Бақ ішінде кезек-кезек əуелеп,
Күй төгіп тұр домбыра да сырнайға.

Толық

Мен үшін жарық күнгейсің!

Сағынатынымды,
Сағынышыма басы бүтін бағынатынымды,
Бір сəтке хабарсыз кетсең,
Шықтан да моншақ тағынатынымды,

Толық

Терезеге үңіледі бір сұлу,

Қарашада қара суға қақ тұрды,
Атам қойын суық желге бақтырды.
Бүрсең қағып бара жатты бір апа,
Əжімдері мұң айтуға шақ тұрды.

Толық

Сен мені енді іздеме!

Қызғалдағы жоқ қырлардан,
Сағынышы жоқ мұңдардан,
Сезімнен ада жырлардан,
Айтылмай қалған сырлардан

Толық

Қар болмаса...

Аппақ ұлпа қарға бояп бар маңды,
Қыс хабарын беріп бүгін жар салды.
Дауылдатып, борандатып түстікке,
Қарашада кəрі аяз кеп қалды.

Толық

Жүрегіммен жыр жаздым ғұмыр жайлы,

Шаужайына жабысып қысыр күннің,
Өктем уақыт басады мысын мыңның.
Сырғып өткен сынаптай жастық шақтың,
Қайта айналып келмейтін тұсын білдім.

Толық

Сағынып жүрмін..

Жаз жұпары келгендей қыраттардан,
Кəусарына қандырған бұлақтардан.
Жүз адамға сəлемді бергеніңмен,
Ақылыңа көнбейді бірақ, талғам!

Толық

Жанымда жүрші....

Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!

Толық

Пікірлер